Джорджо Кьеллини
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Джорджо Кьеллини (итал. Giorgio Chiellini, 14 тамыз 1984 жыл[1], Пиза) — италиялық футболшы, «Ювентус», клубы мен Италия құрамасының қорғаушысы. Құрама сапында көп матч өткізгендердің алғашқы ондығына кіреді.
Remove ads
Клубтық карьерасы
"Ливорно" клубының түлегі. "Ливорно" клубында төрт маусымдай ойнады. 2004 жылы "Ювентуске" өтті де, "Ювентус" арқылы "Фиорентинаға" ауысып, бір жылдан соң қайта келді. Содан бері ұзақ жылдар бойы туриндік клубтың намысын қорғады. 2006 жылы "Ювентус" А сериясындағы жанжалдардың себебімен В сериясына түсіп кеткенде де команданы тастап кеткен жоқ. Осы уақыттар аралығында тоғыз рет Италияның чемпионы атанды. 2008, 2009, 2010 жылдары "Италия А сериясының ең үздік қорғаушысы" номинациясын жеңіп алды.
Remove ads
Ұлттық құрама
Ұлттық құрама сапында алғаш рет 2004 жылы Финляндияға қарсы матчта алаңға шықты. Ондаған жылдар бойы Италия жолдама алған ірі жарыстардың көпшілігіне қатысып, 2012 жылы құрамамен бірге Еуропаның күміс жүлдегері болды.
2017 жылы қараша айында Италия құрамасы Швециядан екі ойын қорытындысы бойынша ұтылып қалды да, апениндіктер 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады. Осы ойыннан соң Кьеллини ұлттық құрамамен қоштасқанымен, кейін қайта оралып, 2021 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
Remove ads
Қатысқан турнирлері
Жеке өмірі
2014 жылы құрбысы Каролине Бонисталлиге үйленді. Бір жылдан соң қыздары Нина дүниеге келді.
Кьеллини 2010 жылы Турин Университетіндегі экономика және коммерция бөлімін бітірді. Ол "Ювентус футбол клубының халықаралық контекстегі бизнес-моделі" деген тақырыпта диссертация да қорғаған.
Жетістіктері
- Б сериясының жеңімпазы (1): 2006/07
- Италия чемпионы (6): 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20
- Италия кубогы (3): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2018
- Италия суперкубогы (3): 2012, 2013, 2015
- Чемпиондар Лигасының финалисі (2): 2014/2015, 2016/2017
Италия құрамасы
- 19 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа чемпионы: 2003
- Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 2004
- Еуропаның күміс жүлдегері: 2012
- Конфедерациялар кубогының қола: 2013
- Еуропа чемпионы: 2021
Remove ads
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads